Абай облысында 133 мектеп Starlink технологиясына қосылады
Облыстық білім басқармасы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Биылғы қыркүйек айына дейін интернет жылдамдығы төмен барлық мектеп STARLINK технологиясына қосылады.
Облыста 302 жалпы білім беретін мектеп, 7 жекеменшік, 4 арнайы интернат, 3 облыстық мектеп бар, олардың барлығы 100% интернет желісіне қосылған.
Starlink технологиясына қосылу үшін облыста интернет жылдамдығы төмен мектептер анықталды. Абай ауданы – 5, Аягөз – 10, Бесқарағай – 16, Бородулиха – 23, Жарма – 23, Көкпекті – 13, Ақсуат – 9, Семей қаласы – 4, Үржар – 29.
Осы мектептерде локальді желіні жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде интернет жылдамдығы орта есеппен секундына 150 МегаБитке дейін артады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар қандай аурудан көп көз жұмады
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы