Абай облысында 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылы облысқа пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер қайтарылып, жалпы көлемі 387,9 мың гектарды құрайтын 348 жер учаскесі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Тапсырманы тиімді жүзеге асыру үшін Абай облысының әкімдігі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жөніндегі ведомствоаралық шағын топ құрды.
Барлық анықталған фактілер заңнамада көзделген қажетті шараларды іске асыру үшін Абай облысының жер ресурстарын басқару басқармасына жіберілді.
Қайтарылған жер телімдерін жергілікті атқарушы органдар заңға сәйкес ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін бөлетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы