Абай облысында 11 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Абай облысының полиция департаменті өңір тұрғындарынан хабар-ошарсыз кеткен оқушы қызды табуға жәрдемдесуді сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір полициясы 2014 жылғы Қадырғожина Саянаны іздестіріп жатыр.

2025 жылдың 3 қарашасында сағат 13:00 шамасында қыз бала Севастопольская көшесі, 18 мекенжайындағы мектептегі дайындықтан кейін үйіне оралмаған. Осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз. Ерекше бала үнемі назар мен күтімді қажет етеді, - деп мәлімдеді Абай облысы ПД баспасөз қызметінен.

Құқық қорғау органы жоғалған қыздың белгілеріне қатысты мәліметті жариялады: шашы ашық түсті, көзі қоңыр, өңі ақшыл, бойы шамамен 130 см, арықтау денелі.

Үстіне қызыл күртеше, көк джинсы, ашық түсті бас киім киген, арқасында қызғылт рюкзагы бар.

Қыз баланы көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан 102 телефон нөміріне хабарласу сұралады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы полиция департаментінен
Өзгелердің жаңалығы