Абай облысында 11 мыңға жуық оқушы 1-сыныпқа барады
Балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023-2024 оқу жылында Абай облысында 1-сыныпқа 11 мыңға жуық оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.
Қазір ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 10 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 5016-сы Семей қаласына тиесілі.
Балалардың 70% қазақ тілінде оқуға ниет білдірген.
1-сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету «Электрондық үкімет» (egov.kz) веб-портал арқылы электронды форматында жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, мектептер дайындық деңгейіне қарамастан барлық білім алушыны қабылдауға дайын.
Сондай-ақ балаларды тек шағын аудандағы мектепке ғана емес, басқа кез-келген мемлекеттік мектепке тіркеуге болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді банан Америкадан емес, Түркістаннан шығарылады
Өзгелердің жаңалығы