Абай облысында 106 адам жолда қалған

Абай облысында құтқарушылар 106 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түнде Абай облысының Аягөз қаласында Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы арасындағы республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокпостта жолаушылары бар 3 автобус тоқтап қалған.

ТЖМ құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірге жолаушылар автобустарынан 92 адамды ертіп, жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды, оның ішінде 20 бала. Жолдың осы жабық учаскесінің арғы жағында шағын көлемді автобустың жолаушылары қиын жағдайға тап болып, 14 адам жылыту пунктіне орналастырылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы