Абай облысына 9 балабақша салынады
Абай облысында 2026 жылға дейін 9 балабақша салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2026 жылға дейін өңір бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 2100 орынға арналған 9 балабақша ашылады.
Сондай-ақ «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 5 700 орынға арналған 11 жаңа мектеп салу жоспарлануда.
2023 жылы Семейде 3000 орынға арналған 5 мектеп, Водный кентінде 600 орындық, Аягөзде 600 орындық, Ақсуат ауылында 300 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс басталады. 2024 жылы - Семейде 2700 орындық 6 мектеп, Ақсайда 600 орындық, Қарағайлыда 900 орындық, Жарма ауданы Қалбатау ауылында 300 орындық, Ақтоғайда (Аягөз ауданы) 300 орындық, Ақсуат ауданы Екпін ауылында 300 орындық мектеп салу жоспарлануда, – деді Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.