Абай облысы: республикалық жолды су басты

«ҚазАвтоЖол» Абай облысындағы су басу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше, сағат 20:00 шамасында күн жылынып, Тарбағатай тауындағы қардың күрт еруіне байланысты "Таскескен-Бақты" (ҚХР шекарасы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында еріген сулардың жиналуы байқалды.

Жиналу ұзындығы – 2 км.

Учаскеде қысым режимінде жұмыс істеп тұрған 7 дана темір-бетон құбыры және бір көпір бар.

Автожолға тәулік бойы бақылау жүргізіліп, 10 адам, 4 бірлік техника: 1 бірлік ДРС, 1 бірлік тиегіш, 2 бірлік самосвал жұмылдырылды.

«ҚазАвтоЖол» жолшылары учаскені 100 қап құммен қоршап қойды. Автожолда қозғалысқа шектеу жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы