25 Желтоқсан 2025 2025, 22:49
Фото: istockphoto.com
Абай облысы мен Шығыс Қазақстанда жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 25 желтоқсан сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Абай облысы:
- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасы дейін);
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1013-1062 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін);
Жолды 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.