Абай облысы әкімінің грантына өтініш қабылдау басталды

2024-2025 оқу жылына арналған Абай облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер осы жылдың 5-10 тамыз аралығында https://abay-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 2024 жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. 

Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін білім басқармасының сайтында жарияланады. 

2024-2025 оқу жылына арналған шекті балл: 

– «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл, 

– «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл, 

– ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, 

– «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл, 

– басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек. 

Білім беру грантына түсетін үміткерлерге тағайындалған жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталар бойынша анықталады. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: 

өтініш; 

білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - тұпнұскасы; 

жеке куәлiк көшірмесі; 

075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; 

тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 

3*4 фотосурет - 4 дана.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы