Абай музейі халықаралық марапатқа ие болды

Биылғы жылы Мысыр Үкіметі басшысының бастамасымен Каирде ХІ халықаралық дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдени шараға Қытай, Үндістан, Оңтүстік Судан, Палестина, Жапония, Колумбия мемлекеттерімен қатар Мысыр елінің отыздан астам шығармашылық өнер ұжымдары қатысқан. 

Арнайы комиссия шешімімен Абайдың шығармашылық мұрасы (өлеңдері мен қарасөздері) «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығына лайық деп танылды. 

Марапаттың ескерткіш сыйлығы мен куәлігі Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігіне салтанатты түрде табыс етілген. 

Мысыр елі жолдаған осы марапатты музейге Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы тапсырды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы