Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жауын-шашын болады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігінде жалғасып жатыр.

Есіл өзенінің Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас бөлігінде сәуір айының екінші онкүндігінде өзеннің жоғарғы жағынан ағын сулардың келуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Нұра өзені бассейнінің Қарағанды облысымен шекаралас бөлігі (Целиноград, Қорғалжын аудандары) бойынша су тасқыны жағдайы Қарағанды облысының су қоймаларынан су жіберуге және өзеннің бас жағынан еріген судың жетуіне байланысты болады.Тобыл өзенінің Қостанай облысындағы негізгі күре арнасында (Жітіқара, Денисов, Қостанай және Меңдіқара аудандары) және оның Үй, Аят, Тоғызақ және Обаған салаларында мұздың сөгілуі мен жоғары су деңгейі байқалуда. Су деңгейінің ауытқуы -53 см-дан +142 см-ға дейін жетеді. Сонымен қатар, өзеннің шығыс бөлігінде су деңгейінің көтерілуі байқалуда,-деді спикер

Алина Смағұлованың айтуынша, су деңгейі одан әрі көтеріледі. Тіпті қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Бұл су деңгейінің ұлғаюына және өзендердің жайылма жерлерге жетуіне әкеледі.

Қостанай облысы бойынша елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын, кенттерде және өзен ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылма учаскелерінде орналасқан, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда. Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылғы 8-10 сәуір аралығында облыстардың басым бөлігінде қатты жауын-шашын болады және температуралық фон одан әрі жоғарылайды деп болжануына, сондай-ақ қардың қарқынды еруі мен сең жүруінің жалғасуына байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі, мұз кептелістерінің пайда болуы және еріген қар суы мен беткейлік ағынның қалыптасуы күтілуде.Бұл ретте су жайылып, автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды басуы мүмкін,-деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы