"Абай күні": Елімізде қанша Абай бар

Бүгін, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлттық статистика бюросы атаулы күні ойшылдың құрметіне қойылған есімдердің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады.

Ғұлама есімі берілгендердің ең көп саны Түркістан облысында - 2050 адам, одан кейін Астана – 2021 адам және Алматы қаласы -1639 адам.

Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам.

Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) Абай есімді 232 адам тұрады.

Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы