Абай күні: Депутаттар ұлы ойшылдың өлеңдерін оқыды
Депутаттар Абай күніне орай өлең оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай күніне орай бір топ Мәжіліс депутаттары ұлы ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Мәселен Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров еңбек, шаруашылық тақырындағы шумақтарын оқыды.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Ал Олжас Құспеков білім, өзіңе деген сенімділік тақырыбында өлеңді оқып берді:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Сонымен қатар өлең оқу челленджін депутаттардан кейін квазимемлекеттік ұйымдар да жалғастырды. Мәселен «Қазпошта» басқарма төрағасы Әсел Жанасова «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.
Айта кетейік, күні кеше Димаш Құдайберген де Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқып, желіге жүктеген болатын.