Біз Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді – АҚШ елшісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды 10 тамыз - Абай күні деп белгіленген ресми мерекемен құттықтады.

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, Абай идеяларының қазіргі әлеммен байланысын көрсету, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеу және оны тану мақсатында әлеуметтік желідегі #Abai175 науқаны аясында құттықтау арнады.

Аса құрметті қазақстандықтар! Сіздерді өзгеше, жөні бөлек мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін - Абай күні мерекесі! Бұл мереке - руханият пен мәдениеттің, поэзияның, Абай Құнанбайұлы салған жақсы дәстүрдің жаңғыруы, жалғасуы. Біз келешекте де елшілікте Абай күнін атап өту үшін Абай дәстүрін жаңғыртқымыз келеді. Абай ақын тоғызқұмалақ ойнаған. Міне, жыл сайын тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Одан кейін, міндетті түрде дастархан басында жиналып, бауырсақ пен қымызды ортаға салып, домбыра шертіп, Абай әндерін айтамыз. Абайдың қара сөздерін оқып, талдаймыз. Абай армандаған "Кемел адам тәрбиелеу" - адамзаттың парызы. Осыны қазіргі пандемия жағдайы да қатты түсіндіріп отыр, - деді ол. 

Сонымен қатар, елші ұлы ақынның "Желсіз түнде жарық ай" әнін ағылшын тілінде оқып берді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы