Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жаңа маусымын ашты
Жаңа маусымда көрермен «Хан сұлтан – Алтын орда» операсы мен заманауи «Золушка» классикалық балетін тамашалай алады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қос мерейтойы – қара шаңырақтың 90 жылдығы мен Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» опералық спектаклінің 80 жылдығы тұспа-тұс келген маусым, естен кетпес мереке сыйлады.
Ардақты азаматтарын қызыл кілем төсеп қарсы алатын ұжым, мерейлі жылдар бойы өмірін асқақ сахнаға, шығармашылыққа, театрға қызмет етуге арнаған адал жандарға арнайы төсбелгі және сыйлық табысталды.
Марапат барысында ардагерлерге шағын музыкалық тарту ұйымдастырылды. Салтанатты күн Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» операсынтамашалаумен тәмамдалды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры осылайша өзінің «Ғасыр алдындағы жаңа белесіне» – 91-ші маусымына қуанышпен аяқ басты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер тауда жоғалып кеткен Латвия азаматтарын тапты
Өзгелердің жаңалығы