Абай атындағы Опера және балет театрындағы дау - министрлік жауап берді

Театр ұжымы тоғыз әйел-капельдинерді жұмыстан шығарғаннан кейін дау-дамайдың ортасында қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы НеМолчи қорының әлеуметтік желісінде жарияланды.

Аталған жағдайға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап берді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты жағдай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін хабарлаймыз. Жоғары біліктілікті қажет ететін лауазымдарды жойып, жаңа лауазымдар енгізілуіне байланысты өзгерістер орын алған. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр. Айта кетейік, театр барлық өтемақыны төлейтін болады, - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы