Абай әр қазақстандықтың жүрегінде

Елімізде Абай күні 2020 жылы Үкімет қаулысымен бекітіліп, мерекелердің ресми тізіміне енгізілді. Биыл Қазақстан халқы ұлы ақынның туғанына 179 жыл толуын атап өтеді.

Біздің елде Абай туралы білмейтін адам жоқ. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді. Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты.

Қарулы күштерде жас ұрпақты қазақтардың рухани әлеміне зор үлес қосқан ұлы ойшылдың баға жетпес мұрасымен таныстыру мақсатында көп нәрсе жасалуда. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған ақын шығармаларымен әскери қызметшілер әрдайым сарбаз кітапханалары мен ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелерінде таныса алады.

Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде 10 тамыз – Абай күні концерттер, Абай оқулары, әдеби кештер, викториналар мен оқырмандар конкурстары өтеді. Әскери қызметшілер барлық қазақстандықтар үшін рухани қолдау мен адамгершілік бағдарға айналған хакімнің өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері бастаған «Абай менің жүрегімде» челленджін басқа әскери құрамалар мен бөлімдер жалғастырып жатыр.

Ұлы ағартушының туған күніне арналған іс-шараларға әскери қызметшілер ғана емес, олардың отбасы мүшелері де қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы