Абай-175. Қызылжарда жас ақындар мүшайрасы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжарда "Өлең – сөздің патшасы" атты жас ақындарға арналған мүшайра ұйымдастырылды. Жыр сайысына еліміздің 6 өңірінен келген сайыскерлер қатысты.
 

Бұл мүшәйраның қорытынды кезеңі. Бұған дейін іріктеу туры өткен болатын. Оған Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ақындары қатысты.

Жас ақындар қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны Абайға арнаған жыр жолдарын көпшілік назарына ұсынды. Жарқынбек Амантайұлы Павлодар облысының атысан сынға түсті. Тұтас өңірдің намысын қорғап келген жас ақын дайындық оңайға түспегенін жасырмады.

 

Мүшайра болатын күн анықталғаннан-ақ дайындық басталды. Тоқығаным рас. Өйткені Абайға арнау жазу – оңай шаруа емес. Мектеп қабырғасында оның көп шығармаларын тани алған жоқпыз. Жүйе басқа еді. Қазір Абайға басқаша көзқараспен қарау керек. Ақынды халыққа басқа қырынан таныту керек. Бүгінгі оқыған өлеңім ұзақ уақыт бойы ойланып-толғанып жазылды, - дейді ҚР Жазушылар одағының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы.

 

Байқау шарты бойынша ақындар бұған дейін ешқайда жарияланбаған екі өлеңнен оқыды. Жыр жолдарының бірі Абай ақынға арнау болса, екінші шығармаға еркін тақырып берілді.


Қазылар алқасының шешімімен керекулік Жарқынбек Амантайұлы доданың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Қызылжар өңірінің намысын қорғаған Абылайхан Әшімхан 1-ші орынды жеңіп алды. Қарағандылық Салтанат Қайырбек 2-ші жүлдені қанжығасына байлады. Көкше өңірінен келген Қуаныш Оспан 3-ші орыннан көрінді. Арнайы жүлделер де өз иелерін тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы