Абай-175: Өскеменде "Абайдың рухани-діни фәлсәфасы" атты конференция өтті
Алматы, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американ еркін университетінде Абайдың 175 жылдығына орай "Абайдың рухани-діни фәлсәфасы" атты TEDxÓskemen-2020 конференциясы өтті.
Бұл туралы "Нұр-Мүбарак" университетініі баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған шараны ШҚО Дін істері басқармасы мен ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы және Өскемен өңірі бойынша ҚМДБ ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – ұлттың рухани мәдениетін қалыптастырудағы Абайдың алатын ерекше орнын талқылау мақсатында сұхбаттасып, ұлы ойшылдың шығармаларындағы ұлттық болмыстың діни тәрбиесін өзектендіріп, жастардың дүниетанымдық фәлсәфасына деген қызығушылығын арттыру, - делінген хабарламада.
Конференцияға діни қызметкерлер, теологтар, абайтанушы-ғалымдар мен студенттер қатысты.
TEDxÓskemen-2020 конференциясындағы құрметті қонақтардың бірі –"Нұр-Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди "Ислам және қазақ ұлтының мәдениеті" тақырыбында сөз сөйледі.
TEDx яғни таратуға тұрарлық идеялар кездесуінде қонақтар белгілі бір тақырыпқа баяндамасыз, аудиторияның алдында тірідей сөз сөйлеп, тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып, өзекті мәселелерді талқылады.