Абай-175. Еріктілер Алматыдан Абайға дейін жаяу бармақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласынан Абай Құнанбайұлының туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай ауылына дейінгі қашықтықты жаяу жүріп өту үшін арнайы еріктілер тобы экспедициясын бастайды. Бұл туралы Арман Шораев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Алматы қаласынан ту ұстап шығатын 4 ерікті 1200 шақырым қашықтықты жүріп өтуді мақсат етіп отыр. Күніне 40-50 шақырым жүріп өтуді жоспарлауда. Белгілеген межеге жету үшін оларға бір ай уақыт кетеді екен. Экспедицияның ең соңғы нүстесі - Жидебай ауылындағы Абай мұражайы - делінген хабарламада.
Алматы қаласынан бастау алатын орында қала əкімі Бақытжан Сағынтаев өз қолымен еріктілерге ту табыстау рəсімімен бастау жоспарланып отыр.
Абай мұражайына жеткен соң еріктілер "Абай жолы" ізімен Абай оқыған медреселер мен тұрған жерлерін аралайтын болады.
Жобаға қатысушылар:
1) Жоба басшысы Дамир Кушеев
2) Ермек Кубашев
3) Данияр Балтабаев
4) Даулет Кушеев (видео-фото оператор)
Өздерінің жүріп өткен жолдарын толық көрсететін арнайы видео жəне фото жазбаларын Инстаграм əлеуметтік желісіндегі @damir_za_mir_almaty парақшасына жариялайтын болады.
Естеріңізде болса, Қазақстан бойынша қазақ елінің ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл ЕРІКТІЛЕР жылы деп жариялаған болатын.
"Абай жолы" жобасының мақсаты жастарымыздың қазақ елінің тарихына, мəдени жəдігерлеріне қызығушылығын арттыру, жастардың рухани жағынан дамытуы.
Абай Құнанбаев (1845-1904) - ұлы ойшыл, ұлы ақын. Абай философиясы еліміздің мəдениетінің ажырамас бір бөлігіне айналған. Абай Құнанбаевтың атаулы мерейтойы халықаралық деңгейде ЮНЕСКО бойынша аталып өтілетін болады. Абай - 170 өлең жолдары мен 56 аудармалар мен поэмалар авторы. Философиялық ой салатын 45 ("Қара сөздері")"Ғибаратты сөздері" көпке танылып кеткен. Абай сондай-ақ композитор ретінде де танымал, оның бізге жиырмадан астам əндері жеткен.
Атаулы шара Алматы қаласының əкімдігінің, сондай-ақ, республикалық жəне қалалық БАҚ өкілдерінің қолдауымен өтеді.
Жаяу жүру экспедициясы басталатын уақыты мен орны: 2020 жылы 12 маусым Алматы қаласы, Республика алаңы Тəуелсіздік монументі. Жиналу 16:00-де.