6 Ақпан 2020 2020, 15:18
Абай-175: Алматыда ақынның ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.
Мүсін Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы "Гүлдер" скверіне қойылды.Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындардың барлығы үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналуда және біздің әрқайсымызды өзімізді жетілдіруімізге қызмет етуде, - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Ашылу рәсіміне танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар қатысты.