Абай-175. "Абай – сатирик"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбектің "Абай – сатирик" атты әдеби кеші өтті.

Әдеби кеште елімізге танымал сатирик Көпен Әмірбек хакім Абайдың сатиралық өлеңдері мен әзіл-қалжың әңгімелерін талдады. Кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері Ұлы ақынның сатиралық шығармалары туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиын барысында мектеп оқушылары Абайдың сатиралық өлеңдерін оқыды.

Кеште дәстүрлі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Ырысқали Абай әндерін орындады. Кешке зиялы қауым өкілдері мен студентер және қала тұрғындары қатысты.

 

Абайдың сатирик екенін әуелі Мұхтар Әуезов жазды. Одан кейін Абайдың сатирик екенін дәлелдеп жазған біздің ұстазымыз – Темірбек Қожекеев. Ол кісі үлкен еңбек жазды. Атауы да өзінің мінезі секілді айғайлатып қойды – "Абай – сатирик" деді. Бүгінгі кештің атауы да осы еңбектің негізінде алынып отыр, - дейді Көпен Әмірбек.

 

Ол Абайдың сатирасы ең алғаш жазған өлеңінен бастап, "Болыс болдым мінеки..." деген өлеңіне дейін, ешкімді де аямай сатира найзасына түйреп отырғанын айтады.

Бүгінгі оқырман үшін Абайдың жаңа қырын ашқандай болған жиында Көпен Әмірбек ақынның біраз өлеңіне талдау жасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы