Абай-175: Ақынның туған жерінде жолдар жөнделеді

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ақынның туған жерінде жолдар жөнделіп, елді мекендер абаттандырылады.

 

Өздеріңіз білесіздер биыл Ұлы жерлесіміздің 175 жылдық мерейтойы. Осы орайда ақынның туған жеріне көбірек көңіл бөлінетін болады. Атап айтсақ, облыстық маңыздағы Аягөз-Қарауыл бағытындағы тасжол қайта жөнделіп, аудандағы Абай ескерткішіне апаратын жол, "Абай-Шәкәрім" мемориалына бастайтын, сондай-ақ ақынның туған жері – Қасқабұлаққа бастайтын жол қайта жөндеуден өткізілетін болады, - деді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов.
 

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов ақынның 175 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға байланысты өткізілген жиналыс барысында Абай ауданы мен Семей қаласы аумағындағы 88 нысанға қайта жөндеу және абаттандыру жұмыстарының жүргізілетіні туралы айтқан болатын. Бұл жұмыстардың ішіне аудан ортаығы Қарауыл ауылында 300 орындық мектеп салу, ауыл ішіндегі көшелерді жөндеу, "Жидебай" мемориалдық кешенінде ақынның музейін салу, ойшылдың туған еліндегі Сырт Қасқабұлақ бастауының маңын абаттандыру да қарастырылғанын тілге тиек етті.

Бұдан бөлек мерейтойлық шаралар барысында келімді-кетімді адамдарды тасымалдау үшін жергілікті тасымалдаушы компаниялар арқылы қосымша көлік құралдары бөлініп, "Семей-Қарауыл", "Жидебай-Қарауыл-Этноауыл" бағыттары
бойынша қосымша автобустар шығарылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы