Абай-175. Өлең оқу эстафетасына этнос өкілдері де қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбаймен кездесті, деп жазды Аssembly.kz.
Жансейіт Қансейітұлы Ассамблеяның атқарып отырған жұмыстарын жан-жақты таныстыра келе, «Qazaqstan» ұлттық арнасының этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін нығайту жолындағы зор үлесін атап өтті. Ұдайы ақпараттық қолдау көрсетіп отырған Басқарма төрағасы Ләззат Мұратқызына айрықша алғыс білдіріп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапаттады.
Ләззат Мұратқызы өз кезегінде «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінен апта сайын шығатын жарты сағаттық «Менің Қазақстаным» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан қолдау тапқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақын өлеңдерін оқу эстафетасына этнос өкілдерін көптеп тарту келісілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында
Өзгелердің жаңалығы