Абақтыға есірткі, 43 телефон, спирт кіргізбек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған қызылордалық жүк тасымалдаушы ұсталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері мекеменің өндіріс аймағындағы өндіріс цехына жүк тасымалдаушы Камаз жүк көлігіндегі цемент салынған қаптарды тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен қолдануына тыйым салынған заттарды анықтады.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Жүк көлігіндегі 196 қап цементтің 7 қабынан 10,20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана "өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес" затты, 43 дана ұялы телефон, 14 дана құлаққап, 33 дана зарядтау құрылғысы,13 дана сим карта, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және 3 литр спирттік ішімдік тәркіленіп алынды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.  

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы