Абаев журналистерді марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев  ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беріп, гранттарын тапсырды.


"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, "Жетісу" арнасының директоры Серік Әбікенұлы, "Хабар" телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев,  "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасының тілшісі Альбина Әшім, "Хабар" телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Мақпал Мадиярова, "Semei" телеарнасының редактор-тележүргізушісі Маржан Нұрышева,  "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Жандос Смайлов президент сыйлығына ие болды.



Ал  "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі, "Казахстанская правда" республикалық газеті, "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына президенттің алғыс хатына ие болды.



Сондай-ақ президент алғыс хатын "Айқын" сайтының редакторы Асқар Бек, "ҚазАқпарат" ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин, "Қазақ радиоларының" редактор-жүргізушісі Бағдагүл Рахметқызы, "Хабар" телеарнасының тілшісі Гүлжан Марқабаева, "Казахстанская правда" газетінің шолушысы Елена Левкович, "Астана ақшамы" газетінің шеф-редакторы Төлен Төлеубай, "Еуразия" бірінші телеарнасының тілшісі Айдана Үсенбай алды.


Бүгінгі марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздер бұған әбден лайықтысыздар. Сонымен қатар өздеріңіз арқылы еліміздің бүкіл журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қадамдарыңыз құтты, қаламдарыңыз жүйрік болсын! Еліміздің дамуы үшін ақпарат саласында аянбай еңбек ете беріңіздер, - деді Дәурен Абаев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы