Абаев: Өрттің шығу себебін құзырлы органдар мұқият тексереді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өрттен қайтыс болған бүлдіршіндердің отбасына көңіл айтты.

"Бүгін Астанада қайғылы оқиға болды. Осыған байланысты балалардың ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Өрт шыққан кезде кішкентайлардың ата-анасы жұмыста болды. Осы жағдайға байланысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында арнайы баспасөз жиыны өтеді. Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар өте мұқият тексеріп, нақты ақпарат береді деп сенеміз. Өте қайғылы жағдай. Балаларымызға, олардың өміріне сақ болайық", - деді Дәурен Абаев. 

Оның айтуынша, Астана әкімдігі балаларды жерлеудің барлық шығындарын өтейді. Ал ата-аналарға кәсіби псиxологиялық көмек көрсетіп жатыр.

"Әкімдік барлық шараларды атқарып жатыр", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түні «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. Астана әкімі Бақыт Сұлтанов өрттің мән-жайын ақынтауды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы