Абаев мұнайдан да қымбат қазынаны атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев хабарлады. 

Оның айтуынша, сапалы білім мен саналы тәрбие – ұлтымыздың ұлы, ұрпағымыздың ұлағатты болуының кепілі.

«Кітап – мұнайдан да қымбат қазына». Сондықтан «Кітап оқитын ұлтты» қалыптастыру бағытында отандық шығармаларды шығару көлемін арттыру көзделуде. Әлем жылдам өзгеріп жатқан уақытта дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – сапалы білім мен саналы тәрбие. Жамбылдан жеткен өнегелі өсиеттің де табан тірер тұғыры, тамыр тартар тереңі – осы айнымас құндылықтарда. Сондықтан Жамбыл мұрасын жаңғыртып, жан-жақты насихаттау ісі күн тәртібінен түспейді, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 

Азаматтарға, әсіресе, өскелең ұрпаққа білім беру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

 

Ал мәдениет – отбасында және өскен ортада алған тәрбиеден басталады. Сол үшін қоғамның мәдениетті болуына мемлекетпен қатар әр отбасы да жауапты. Мұндай ортақ жүкті мемлекет пен қоғам тізе қосып, теңдей көтерісуге тиіс. Бұл істе, әсіресе, зиялы қауымға артылар салмақ ерекше, – деп атап өтті Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ол «идеология жоқ» деген пікірге қатысты өз ойымен бөліскен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы