Абаев министрліктің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордадағы "Қазмедиа" ортылығында ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.
Кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев министрліктің осы жылға қойған арнайы жоспарларын таныстырды. Олардың қатарында, бірнеше жылдан бері қозғалып келе жатқан мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланысты нығайту әрі оңтайландыру бар. Биыл бұл сала бойынша министрлік меморгандар мен БАҚ байланысының тиімділігін бағалау үшін арнайы критерийлер енгізуді жоспарлап отыр.Біздің министрліктің құрылғанына бір жылдан асты. Мен 2020 жылға қойылған өзекті тапсырмалар туралы айтып беремін. Біз басшылық ететін барлық бағыттарды дамыту бойынша нақты жоспарымыз және стратегиямыз бар. Өте маңызды шаралар мен жобалар жоспарланған. Ақпарат саласы бойынша, президент халық үніне құлақ асатын мемлекет ендіру туралы концепциясы қойылды. Осы тапсырманы шешу үшін министрлік мынадай жоспарды құрды. Бірінші, халықпен кері байланыс каналдарының жұмыстарына жүйелі түрде мониторинг жүргізу және талдау жасау. Барлық мемлекеттік орган халықпен жұмыс жүргізу бойынша жауапты бөлімше тағайындап, олар тікелей бірінші басшыға бағыну керек. Екінші, мемлекеттік органдар ақпараттық қызметінің белсенділігін арттыру. Мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдерімен байланысын тиімділігін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізу жоспарланған; Үшінші, мемлекеттік органдар мен заң жобаларын қарайтын жұмыс топтарының, қоғамдық кеңестің отырысын онлайн көрсету жалғасады, - деді Дәурен Абаев.
Алқа отырысына премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, сонымен қатар салалық мекеме өкілдері қатысып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зұлпыхар Тайырбеков: Қазіргі көкпаршыларға көңілім толмайды
Өзгелердің жаңалығы