Абаев: Бұл бір жылда бітетін жұмыс емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аяқталды, бірақ жастар саясаты бойынша стратегиялық, заңнамалық жүйелі шаралар жалғасады. Бұл бір жылда бітетін жұмыс емес. Бұл туралы бүгін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

Биылғы біздің міндеттер: біріншіден – 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының Жастар тұжырымдамасын дайындау, екіншісі – жастарды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаны бекіту. Бұл құжатта қолжетімді баспана беру, жұмыспен және сапалы біліммен қамтамасыз ету механизмдері қарастырылады. Үшіншіден – отбасылық гендердік сасаттың 2030 жылға дейін екінші сатысын жүзеге асыруға кірісу. Ол көпбалалы отбасыларды, жалғызбасты аналарды қолдау шараларын, кризис орталықтарының, әлеуметтік қызметтердің жұмысын жетілдіреді. Төртіншіден – мемлекеттік жастар саясатының мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу, - деп айтты министр "ҚазМедиада" өтіп жатқан алқа отырысында. 


Кеңейтілген алқа отырысында күн тәртібінде тұрған бірнеше маңызды мәселелер бойынша 2020 жылдарға арналған президент жүктеген негізгі міндеттерді жүзеге асырудың жоспары айқындалды. 

Министр шығармашыл жастарға арналған бірегей алаң ашылатынын хабарлады. Ол жерде жастар өздерінің жобалары мен бастамаларын іске асырады. Оған қоса "Зерен" жазғы-танымдық лагері, V Республикалық әкелер форумы және Халықаралық сараптамалық форумы және Қазақстан мен Ресей волонтерлық кеңесі өтеді.
Биыл EXPO базасында арт-хаб құру бойынша барлық мәселелерді пысықтауымыз керек, - деді ол. 
Дәурен Абаев 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеп, бекітетінін хабарлады. 
Бүгінде азаматтық қоғаммен байланыстың тиімді жүйесі қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамды дамытудың Тұжырымдамасын 2025 жылға дейін қабылдау керек. Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету тетіктерін жетілдіреміз. Бұл мемлекеттік қаржыландырудың шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған. ҮЕҰ қолдау үшін ресурстық орталықтардың жұмысы күшейтіледі. Тиімді қаржыландыру үшін үкіметтік емес ұйымдардың рейтінгісін шығарамыз, - деген ведомство басшысы.


 Вице-министр Данияр Есинге биылғы жылдың шілде айына дейін тұжырамдаманы әзірлеуге тапсырма берді.

Сонымен қатар, министр жария еткен оң жаңалықтардың бірі – ҚР-да бейбіт жиындардың өткізілу және ұйымдастыру тәртібі жөнінде Заң жобасын қабылданатын болады. Бұл бейбіт митингілер мен жиындарды өткізуге келісім беруді жеңілдететін болады. 

Сондай-ақ, Дәурен Абаев барлық үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстанның IX Азаматтық қоғам форумына белсенді түрде қатысуға шақырды.

Осыған дейін Абаев министрліктің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырғаны туралы жазғанбыз. Ол телеарналар мен интернет ресурстардың мемтапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгеретіні туралы айтты.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы