Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі  Дәурен Абаев қате ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады.

Қазақстанда дағдарысқа қарсы күреске бөлінген қаржының жалпы көлемі 4 трлн теңгеден асады. Оны жақсы білесіздер. Бұл шығындар республикалық бюджеттен 2,1 трлн теңге және инфрақұрылымдық облигацияларға қаражат тарту есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қордың кепілдендірілген трансферті 1 триллион 825 миллиард теңгеге дейін артады. Коронавирус жағдайына байланысты өткен алғашқы брифингтердің бірінде мен Ұлттық қордың қаражаты пайдаланылмайтынын айттым. Бұл - қате ақпарат. Мен оны әдейі таратқан жоқпын. Сол үшін кешірім сұраймын, - деді Дәурен Абаев.
Сонымен қатар, министр коронавирус әлемде өршіп тұрғанын, бүгінгі таңда 600 мыңнан астам адам аталған індетті жұқтырғанын, өлім көрсеткіші де жоғары екенін айтып өтті.

Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтап отырған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Әрине, карантин режимін бұзған біраз жайттарды анықтап жатырмыз. Біздің мақсат үрей туғызу немесе қорқыту емес. Алайда каратин режимін сақтаудың өте маңызды екенін еске саламыз. Жағдай күрделі, бірақ денсаулықтан қымбат не бар, ағайын?! - дейді ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы