Абаев 9 мамырдағы интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 мамыр жеңіс күнінде елімізде интернеттің жылдамдығы баяулап, бірнеше әлеуметтік желі уақытша істен шыққан еді. Үкімет отырысынан кейін тілшілер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрі байланысқа жауап бермейді. Біздің министрліктің интернетті бұғаттауға қатысы жоқ. Сондықтан бұған қатысты дәл қазір ештеңе айта алмаймын. Бірақ, шынымен де провайдерлер техникалық мәселелер болды деп отыр», - деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, мұндай мәселе алдағы сайлау кезінде қайталануы мүмкін емес. Оған дейін барлығы реттеледі. 

«Мұндай жағдай арада 1 ай өткенде 9 маусымдағы сайлауда қайталанады деп ойламаймын. Өйткені, провайдерлер техникаларды тексеріп, бәрін реттеп үлгереді деп ойлаймын», - деді министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы