Ауа райы: Елдің шығысында күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы Шығыс Еуропа аудандарынан келетін антициклонның ықпалында болады. Оның әсерінен тек Шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы