АӘК алған 99 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шықты - Еңбекмині
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 және 2021 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алған 99 220 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов мәлімдеді.
2020 және 2021 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алған 99 220 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шықты. – деді Асқар Ниязов.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке ынталандыру мақсатында 2020 жылдан бастап Қазақстанда АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілгенін еске салды.
Мынадай өзгерістер:
- табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің 70%-ынан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау. Отбасының әрбір мүшесіне айына орта есеппен 10 270 теңге;
– тұрмысы төмен отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну. Бір балаға айына орта есеппен 8 мың теңгеге дейін.
Сондай-ақ АӘК алатын отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша жәрдем шаралары көрсетіледі.