А. Жуминова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Альбина Жуминова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшы 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде сенімді түрде жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте Жуминова Камбоджа өкілі Срейпен Омды 30:27 есебімен ұтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Өзгелердің жаңалығы