Ақышев «7-20-25» сияқты автомобильді несиеге алу бағдарламасын ұсынды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық автомобильдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін бағдаралманы іске қосуды ұсынды.

«2019 жылы Ұлттық банк қазақстандықтарға отандық өндірістегі автокөліктерді алу үшін несиелендіру бағдарламасын жедел әзірлеуге және қаржыландыруға дайын. Бағдарлама «7-20-25» бағдарламасы мысалында нарықтық принциптерге, банктер арқылы, несиелерді секьюритизация механизміне және оның инфрақұрылымдық базасына сүйене отырып құрылады. Неге автомобиль құрастыру? Автокөлік құрастыру құрылыс секілді жоғары технологиялы, капиталды қажет ететін сала», - деді Ақышев.

Ол бұл саланың экономикаға деген мультипликативті әсері жоғары екенін, бұл бастама импортты алмастыруға жақсы әсер етіп, импорт тауарлары өсімінің жағымсыз тенденциясын жеңетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, тұтынушылар үшін де, өндірушілер үшін де жағымды әсер ететін кредиттеуге осындай салаларды таңдап алудың қажет екенін айтты. Ақышев бұл бастама бойынша Үкімет пен банктермен бірлесе қысқа мерзімде жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев әлсіз банктерді нарықтан шығару жалғасатындығы туралы айтқан болатын.

Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы