Ақтоғайда Құран кітабының көрмесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Павлодар облысы өкілдігі аудандарда Құран кітабының және діни кітаптардың көрмесін ұйымдастыруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайдың мәлімдеуінше, қасиеті Құран кітабының әртүрлі  кезеңдегі  басылымдары мен аудармалары  және діни әдебиеттер мен оқулықтарының  көшпелі  көрмесі ауыл-аудандар мен ұйым-мекемелерде  өтуде.
Көшпелі көрме осы аптада Ақтоғай ауданында ұйымдастырылды. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен бұл мәдени шараға  аудан орталығындағы Абай атындағы және Қайырбаев атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары, аудан әкімдігінің жауапты қызметшілері, ауылдың имам-молдалары, зиялы қауымдар, қадірлі ата-апалар, ақсақалдар арнайы шақырылып қатыстырылды, – деді Амантай Тойшыбай.

Шарада алдымен ауданның бас имамы Ахметолла Қожахметов жиналған көпшілікке іс-шараның  мақсат-маңызын таныстырып, келесі кезекте облыстық орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің кітапханашысы Назым Ғизатқызы көрмедегі діни әдебиеттер мен оқулықтар туралы кеңінен таныстырып, түсініктемелер берді.  Қатысушылар тарапынан да бірнеше адамдар өз лебіздері мен ризашылықтарын білдіріпі, жастар әртүрлі сұрақтар қойып, жауабын алды.

Шара барысында аудан орталығындағы  Өнер мектебінің шәкірттерінің орындауында халықтың таңдаулы күйлері орындалды.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы