Павлодар облысында алимент төлемеген 30 жастағы ана ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданындағы ана 2019 жылдан бастап кәмелетке толмаған балаларын асырауға алимент төлемеген. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтоғай ауданының полицейлері өз балаларына алимент төлемегені үшін 30 жастағы ауыл тұрғынын құрықтады. Аудандық көші-қон қызметіне Ақтоғай аудандық сотынан оның 2019 жылдан бастап кәмелетке толмаған үш баланы асырауға алимент төлемегені үшін іздестіру туралы қаулысы келіп түскен. Балалар бірнеше жыл бойы сот шешімі бойынша әкесімен бірге тұрады. Оларды асырауға анасы алимент төлеуге міндетті, - деді баспасөз қызметінде.
Көші-қон заңнамасымен белгіленген мерзімде әйелдің тұрған жері анықталып, барлық қажетті іс-шаралар жүргізілді.

   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы