Ақтаудағы жабық бассейндерде 100-ден астам оқушы тегін жаттығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жабық бассейндерге екі мыңға тарта бала барады. Соның ішінде жүзден астам оқушы тегін жаттығады. Олар республикалық жарыстарда өңір намысын қорғап жүрген жеткіншектер. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Жалпы қала бойынша жүзуге арналған бассейнмен жабдықталған жеті спорт кешені бар. Барлығы жекеменшік нысандар. Мұнда жүзу спортынан аймақтық деңгейдегі сайыстар өтіп жүр. Жарыс алдында арнайы комитет өкілдері тексеру жүргізіп, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына көз жеткізеді.
«Бассейнге түсер алдында әр баланың өзін-өзі ұстауын бақылап тұрамыз. Судан жасқанып тұрса, дереу үйіне қайтарамыз. Мұндағы бассейннің тереңдігі екі метрге жақын. Жүзу спортына енді жазылған оқушы алғашқыда суда құтқару құралдарымен шынығады. Еркін жүзіп үйренген соң жарыс ережелеріне сай жаттыру басталады», - дейді құтқарушы Виталий Ульяницкий.
Кез келген шаралар өткізілген кезде, соның ішінде жүзуден жарыс өткізілген кезде арнайы ұйымдастыру алқа комитеті құрылады.
«Сол ұйымдастыру алқасында біздер жаттықтырушыларды және қауіпсіздік ережелерін сақтайтын нұсқаушыларды бекітетін боламыз. Жүзу бассейні туралы келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Жаңа айтып кеткендей, қауіпсіздік ережелерін жүргізудеміз», - дейді қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев.