Ақтаудағы жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы парамен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаудағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы 500 доллар парамен ұсталды, деп хабарлады Хабар24.
"Ол басқармада елімізге алыс-жақын мемлекеттерден жұмыс күшін тартумен шұғылданатын бөлімді басқарған. Өкілетті орган қызметкерлері күдіктіні бұлтартпас дәйектермен көшеде қолға түсірді. Тінту кезінде әрқайсы 100 долларлық бес шетел валютасы табылып, тәркіленіп алынды. Айыпталушы осы өңірге жұмыс жасауға келетін өзге елдердің азаматтарынан виза беру әрі оның мерзімін ұзарту үшін 500-ден 1000 долларға дейін ақша алып отырған деген күдік бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген таратылған ақпаратта.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мақтааралда 5 мектепте IT сынып ашылды
Өзгелердің жаңалығы