Ақтауда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда қоғамдық көліктің жолақысы 50 теңгеден 70 теңгеге қымбаттайды.
Қалалық мәслихат кәсіпкерлердің өтінішін қанағаттандырды. Өзгеріс барлық маршруттағы қоғамдық көлікке валидатор орнатылған соң наурыз айынан бастап енгізілмек. Бұл туралы әкімдікте арнайы өткізілген брифингте айтылды.
Автопарк иелері тарифті өсіру туралы ұсыныстарын былтыр желтоқсан айында ұсынған. Енді жолақы көтерілсе, көп кешіктірмей жаңа автобустар сатып алуға уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта қала ішінде бас-аяғы 74 қоғамдық көлік жүреді. Олардың 80%-інің тозығы жеткен.
Жаңаөзенде 60 теңге, Мұнайлы ауданында 70 теңге, ал қала мен Мұнайлы арасында қатынайтындарға 95 теңге. Бұл жерде кәсіпкерлер қызығушылық танытсын деп 70 теңгеге көтеріп жатырмыз, Тасымалдаушылар өздерінің парктерін жаңартады. Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлер арасында қызығушылық тудырады. Біз18 автобус алуды белгілеп отырмыз. СПК «Каспий» мен біздің облыс әкімдігі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Амандық болса, бұл автобустарды осы 2020 жылдың екінші жартыжылдығының аяғында келеді деген үміттеміз, - дейді «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММбасшысы, Жетібай Құбашев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заңгерлер алименттен жалтарғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы