Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген қыз екінші рет ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген бойжеткен екінші рет ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жазда ғана ішімдік ішіп рөлге отырған 24 жастағы азаматшаны тәртіп сақшылары тоқтатқан еді. Араға бір ай салып, сол әрекетін тағы қайталаған.  Бұл жолы ол алкогольдік ішімдік ішіп алғаны аздай, көлігін құжатсыз жүргізген. Жазда соттың шешімімен көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған болатын. Алайда бойжеткенге бұл тыйым тосқауыл бола алмаған көрінеді.

Наркологиялық орталық сараптамасы оның алкоголь қолданғанын растады. Енді жол ережесін өрескел бұзушының үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Бойжеткеннің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу қарастырылған. Сонымен қатар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін екені жазылған. Қандай жаза тағайындаларын сот шешеді, - деді қалалық патрульдік полиция батальоны штабының бастығы Бақыт Хайруллин.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы