Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай қиындау - Трұмов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай қиындау. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Коронавирус індеті бойынша тіркелген адамдар саны 1672-ні құрап отыр. Облыста инфекциялық ауруханаларда 200-ден астам науқас емделіп жатыр. Сауығып кеткен адамдар саны - 664. Бізді алаңдатып отырған негізгі мәселе – өкпе қабынуына шалдыққан азаматтардың жағдайы. Бұл диагноз бойынша провизорлық стационарларда 1025 адам ем алып жатыр. Өкпе ауруына шалдыққан азаматтарды емдеуге барлық елді мекендерде провизорлық стационарларды аштық, - деді Трұмов. 

Облыс әкімі Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай қиындау болып отырғанын айтты. 

Себебі, Ақтауда Мұнайлы ауданын қосқанда облыстың 60-70 пайызы шоғырланған. № 1 провизорлық стационарда 100-ден астам адамды емдеп жатырмыз. Өкпе қабынуымен ауыратын науқастар санының күрт өсіп кетуіне байланысты, облыстық аурухананы көпбейінді провизорлық стационарға айналдырдық. Бұл бар мүмкіндікті пайдаланып, медицинаны күшін пайдалана отырып, халықтың жағдайын жақсарту мақстында жасалып отыр. Ал осыған дейін өзге диагнозбен ауырған науқастарды жеке меншік клиникаларға бөліп бердік, - деді ол. 

Облыс әкімі коронавирусқа шалдыққан азаматтар кезеңімен емделіп, шығып жатқанын айтты. 

Орталық көпбейінді облыстық аурухананы қосымша 450 орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин ұзартыла ма?
Өзгелердің жаңалығы