Ақтас кентінде аулалар абаттандырылуда – Қарағанды облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауыл тұрғындарының өмірі жақсартылмақ.

Ауылдарда және кенттерде инфрақұрылымдар жаңартылып, жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар қайта қалпына келтірілуде.

Аумақтық түрде Саран қаласының қарамағына жататын Ақтас кентінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Екі орамда аулалар абаттандырылуда. Тағы бір орамда жарықтандыру қалпына келтіріледі.

Кенттегі Кржижановский және Бородин көшелері абаттандырылады. Жол бойында асфальт төселіп, жаяу жүргіншілердің ыңғайлылығы үшін тротуарлар салынады.

Осыған дейін жұмыссыз отырған жергілікті тұрғындар табыс табу мүмкіндігіне ие болады. ЖҚЖК бойынша кенттің инфрақұрылымдық жобаларына 20 адам жұмысқа тартылды.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы