Қаңтарда спортшылар қандай жарыстарға қатысады

Астана, baq.kz. 2019 жылы қаңтарда елімізде өтетін спорт жарыстары мен қазақстандық спортшылар қатысатын халықаралық жарыстар белгілі болды. Olympic.kz қаңтар айына арналған күнтізбені ұсынды.

Қостанайда 6-12 қаңтар аралығында жүзуден ел чемпионаты өтеді. 12 қаңтар күні жеңіл атлетикадан Қазақстан Кубогы басталады. Сондай-ақ жеңіл атлеттер Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде (19 қаңтар, ел чемпионатында (22-24 қаңтар) бақ сынайды. Барлық жарыс Өскемен қаласындағы жеңіл атлетика манежінде өтеді.

17-19 қаңтарда Алматыда үстел теннисінен Қазақстанның ТОП-12 спортшысы арасынада турнир өтеді. 29 қаңтар күні Астанада спартакиада басталады.

28 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Астанада еліміздің үздік гимнасшылары анықталады. Бұдан бөлек осы айда жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаттары өтеді.

Велотрекшілер 3 қаңтар күні халықаралық жарыстар легін бастап кетті. Олар 14 қаңтарға дейін Джакартада өтетін рейтингілі Азия чемпионатына қатысып жатыр.

 

Төменде толық күнтізбені ұсынамыз:

Семсермен семсерлесуден әлем Кубогы (ерлер) – 9-13 қаңтар, Хайденхайм (Германия),

Бокстан «Ұлттар кубогы» халықаралық туринирі (әйелдер) – 14-21 қаңтар, Сомбор (Сербия),

 

Трек велоспортынан әлем Кубогының 5-кезеңі (спринт) – 14-21 қаңтар, Кембридж (Жаңа Зеландия)

Стендтік атудан Grand-prix Marocco - 18 қаңтар -7 ақпан, Рабат (Морокко)

Трек велоспортынан әлем Кубогы (спринт) - 21-29 қаңтар, Гонконг (Гонконг)

Каратеден «Премьер-Лига Париж» – 23-28 қаңтар, Рим (Италия)

Семсерлесуден Гран при (семсер, ерлер, әйелдер) - 23-28 қаңтар, Доха (Катар)

Трек велоспортынан әлем Кубогы – 23-28 қаңтар, Гонгконг

Таеквондодан Fujairah open G1 халықаралық турнирі – 31 қаңтар–4 ақпан, Фуджейра, (БІА)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы