Қаңтарда ауа райы қандай болады
Астана, baq.kz. Қаңтар айында республиканың барлық өңірінде жылы және қарлы ауа райы күтіледі. Бірақ 20 қаңтардан кейін айдың аяғында айтарлықтай аяз болуы мүмкін, деп болжайды «Қазгидромет» мамандары.
«Алдын-ала болжам бойынша, қаңтар айында орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 1 градус нормадан жоғары болады, ал қалған аумақтар климаттық нормаға жақындайды», - дейді синоптиктер.
Қаңтар айында жауын-шашынның мөлшері шамамен Павлодар облысында және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан төмен болады деп күтілуде. Айдың алғашқы күндерінде солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтар суық антициклонның ықпалында болады. Түнгі уақытта термометрлер 25-30, кей жерлерде 35 градус, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.
Ал елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жылу ауа массасы жүреді, ал фронт учаскелерінің өтуімен, жауын-шашынды ауа райы болжанады. Ауа температурасы түнде 2-7, кей жерлерде 12 градус, күндіз 0-5 градус, 5 градус аяз болады.
Жалпы қаңтар айында еліміздің көптеген бөліктерінде жылы және тұрақты ауа райы күтілуде. Тек екінші және үшінші онкүндіктердің басында ауа температурасының төмендеуі мүмкін.