Қаңтар айына арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Консультативтік болжамға сәйкес қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы, тұман және көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасынмен екпінді жел болжанады.
Алғашқы суыту толқыны бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі, батыста ауа температурасы түнде 5...15, солтүстік бөлігінде 10...25 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік бөлігінде суыту толқыны онкүндіктің соңында 3...11 градус аяз болады. Кезекті суытудың екі толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады деп болжанып отыр, ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде болады. Солтүстік бөлігінде түнде 20...25, кей жерлерде 30, күндіз 15...20, кей жерлерде 10 градус аяз, оңтүстік бөлігінде түнде 17...22, кей жерлерде 12, күндіз 10...15, кей желерде 5 градус аяз болжанады, - делінген хабарламада.Жалпы қаңтар айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек республиканың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарының кей жерлерінде норма шамасында болады.
Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан аз, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы жерлерінде нормадан көп, ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында болжанады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
#Желмая. Ерлан Рысқали қалай дәстүрлі әнші болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы