Ақтөбенің үздік педагогі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының білім басқармасы ұйымдастыруымен облысымыздағы педагогтерге «Ақтөбе облысының үздік педагогі» және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атақтары мен төсбелгісін беру бойынша ұсыныстарды қарау үшін құрылған комиссия мүшелерінің отырысы өткізілді.
Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақты беру жұмыстарына «Ақтөбе облысының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру тәртібін, олардың сипаттамасын және біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы №309 қаулысы негіз болады.
Жоғарыда аталған Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына қосымша жалпы ережелерге сәйкес, комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, білім саласындағы қоғамдық кеңестің, әдістемелік қызметтің, кәсіби біліктілігін арттыру институтының, кәсіподақтың және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы филиалының өкілдері енгізіледі. Комиссия төрағасы Ақтөбе облысы әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып табылды.«Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісіне ие болған педагог белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады, яғни 1 389 000 теңге.
«Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог 300 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады, яғни 833 400 теңге.
Айта кетейік, облыс бойынша үздік педагог номинациясына 20 ұстаз өтініш білдірсе, облысымыздың құрметті ұстазы номинациясына 16 адам өтініш білдірді.
Аталған шараға «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысты. Сонымен қатар, екі күн бойы өткен комиссия отырысы жобалық кеңсенің ресми парақшасының тікелей эфирінде көрсетілді. Сараптау жұмысы аяқталғаннан кейін адалдық алаңы өз ұсыныстарын беретін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚМДБ ауруханаға медициналық құралдар жеткізді
Өзгелердің жаңалығы