Ақтөбеліктер 25 жеке емханалар мен ауруханаларда тегін емделеді
Астана, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру қорының филиалы 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалармен келісімшарт бекітуді аяқтады, деп жазады aktobenews.kz сайты.
Мемлекеттік тапсырысты орындайтын медициналық ұйымдарды 17 аймақтық комиссия іріктейді. Комиссия құрамында Медициналық сақтандыру қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіперлер палатасы, пациенттер мен емханалардың мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйымдар және Медицина қызметкерлерінің кәсіподағы өкілдері бар.
2019 жылғы ақпан айындағы мәліметке сәйкес, Қордың Ақтөбе облысы бойынша филиалы медициналық көмек көлемін орындауға тапсырыс берген 62 ұйыммен келісімшартқа отырды. Соның ішінде 38-і – мемлекеттік, 25-і – жеке медициналық мекеме.
«2020 жылдан бастап сақтандырылған адамдарға қымбат лабораториялық қызметтер мен жоғары технологиялық оталар тегін ұсынылады. Сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектер де қарастырылған. Шығынның бәрін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейді. Ал сақтандырылмаған адамдар мемлекет ұсынып отырған тегін медициналық көмекке жүгіне алады. Кеңес алу мен диагностика деңгейінде салалық мамандардың, терапевттің қызметі барлық адамдарға тегін болып қалады», — дейді филиал директоры Гүлмира Қожаниязова.