Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бұл бағыт Елбасымыз  жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбеліктерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазіргі уақытта жастар  үшін өзекті мәселелердің бірі - өз баспанасының болмауы болып тұр. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отырып,  жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті», - деді Нұрлан Күнтуов.

Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаңы үшін бастапқы жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңгені, ал ай сайынғы төлем 35 мың теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы